Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда әйелін 28 жерден пышақтаған қылмыскер 15 жылға сотталды

  • AstanaTV
  • 04 мамыр 2022
  • 1580

Павлодарда әйелін пышақтап өлтірген қылмыскер 15 жылға сотталды. Ол жанжал кезінде жұбайын 28 жерден пышақтаған. Әйел сол жерде  көз жұмған. Жанжалға ерлі-зайыптылардың ажырасуы себеп болған көрінеді.

Агидель ИБРАЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Жеңілдететін мән-жайларды кінәлінің асырауында кәмелетке толмаған баласының болуын кінәсін ішінара мойындауын ескере отырып, сот оған 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын  қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуді тағайындады. Жәбірленушілердің талаптары толық көлемде қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Ө. Қуанар