Русский Сайттың толық нұсқасы

Алакөлде демалу құны қымбаттаған

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2022
  • 960

Альфа-Банк толығымен қазақстандық қаржы ұйымына айналды. Бұл туралы "Банк ЦентрКредит" акционерлік қоғамы хабарлады. Олардың айтуынша, Альфа-Банкті сатып алу жұмыстары толық аяқталған. Енді банк атауы ресми түрде "ECO BANK" болып өзгерді. "Банк ЦентрКредиттің мәліметінше, банк атауы өзгергенімен ,қызмет түрлері өзгермейді делінген.

Ғалым ХҰСАИНОВ, "БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Қысқа мерзімде осы келісімді сәтті аяқтағаны үшін бүкіл қатысушыларға алғыс айтамын. Біз үшін клиенттер тарапынан түсіп жатқан мәселелерді шешу - басты міндет болмақ.

Елімізде 7 мың жұмыскердің жалақы қарызы 1,6 млрд теңгеге жеткен. Бұл туралы мемлекеттік еңбек инспекторлары мәлімдеді. Заң бұзушылық 333 кәсіпорында анықталған. Салдарынан құзырлылар  кәсіпорын басшыларына орындалуы міндетті 204 нұсқама беріп, 40 млн теңгеден астам  айыппұл салған. Нәтижесінде мемлекеттік еңбек инспекторлары 4,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғаған.

Алакөлде демалу  құны биыл 30 процентке өскен. Мамандардың айтуынша, оған бірнеше себеп бар. Валюта бағамының құбылуы, инфляция және тауардың қымбаттауы. Десе де, жазғы демалыс қарсаңында Балқаш, Каспий, Бурабай, Алакөл бағыттарындағы турпакеттерге сұраныс артқан.  Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда шетелдік қонақ орташа 5 күнге келеді. Әкелген қаржысының 10 процентін ғана қонақүй, жатын орынға жұмсайды. Республика бойынша қонақүйлерде 4 мыңдай орын бар. Оның орташа бағасы 7 мың теңге шамасында.

Б. Сатуов