Русский Сайттың толық нұсқасы

Ата Заңның үштен бір бөлігі қайта жазылады

  • AstanaTV
  • 11 мамыр 2022
  • 1276

Ата Заңға енгізілетін өзгерістерді бірнеше топқа бөліп қарастырған жөн. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ұсыныстар дайындау бойынша жұмыс тобының мүшесі Бақыт Нұрмұханов осылай дейді. Құнды құжат және жалпыхалықтық референдум алдағы топтамада.

Ел Конституциясының үштен бір бөлігі қайта жазылады. Толықтырулар мен түзетулер халықтың талқысынан соң ғана енгізілмек. Яғни қараша қолдаса ғана қабылданады. Ата заңға өзгеріс енгізу туралы референдум 1995 жылы өткен еді. Дегенмен биылғы өзгерістерді мамандар елеулі деп отыр.

Рахмет МҰҚАШЕВ, КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ:

Конституциялық өзгерістер Конституцияның 33 бабына қатысты болмақ. Яғни көлемі бойынша конституциялық өзгерістер Конституция мәтінінің үштен бір бөлігін құрайды. Бұл елеулі өзгерістер деп санаймыз. Бұл өзгерістер мен толықтырулар 5 маусымда өтетін республикалық референдумға шығарылды.


Жалпы, Конституцияның негізі – Президенттің рөлін шектеп, Парламенттің құзыретін арттыру. Осылайшы халық үніне құлақ асатын Үкімет құру басты мақсат.

Бақыт НҰРМҰХАНОВ, КОНСТИТУЦИЯҒА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЖӨНІНДЕ ҰСЫНЫСТАР ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Заңда көзделген жаңалықтарды бірнеше топқа бөліп қарастырған жөн. Біріншісі – суперпрезиденттік басқару жүйесінен президенттік басқару жүйесіне көшу. Президенттің бірқатар өкілеттіктерінен бас тартуы, саяси партиядағы мүшелігін тоқтатуы еліміздегі саяси күштердің арасындағы бәсекелестік деңгейінің көтерілуіне мүмкіндік береді.


Референдумға байланысты бірқатар мәселелерді бүгін үкіметтік емес ұйым өкілдер де талқылады. Арнайы құрылған республикалық қоғамдық штаб отырысына ел аумағындағы 17 өңірден өкілдері қатысты. Жиында конституциядағы өзгерістердің маңыздылығы туралы сөз болды.

Бану НҰРҒАЗИЕВА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Бәріміз қолдап отырмыз. Бұл өте жақсы, халыққа керек,азаматтарға керек өзгерістер.Мына референдумға келіп,дауыс беріп қолдап, қолдасақ ертең бұл әрбір  өзгерістің артында жаңа заңдар болады. Ол заң деген жаңағы бізге жағдай жасайды.

Б. Сатуов