Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT» партиясының қатары толықты

  • AstanaTV
  • 11 мамыр 2022
  • 1337

«AMANAT» партиясының қатары толықты. Бүгін Республика бойынша партияға салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Партияның жаңа мүшелерін қарсы алған атқарушы хатшы "партия – бұл ең алдымен ортақ құндылық аясында біріккен мүдделес азаматтардың ұйымы" екенін атап өтті.  Асхат Оралов «AMANAT»-тың трансформациялауға қатысты жобаларын сапалы іске асыруға партияның жаңа мүшелері өз үлесі мен тың идеясын қосатынына сенім білдірді.

Асхат ОРАЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

«AMANAT» партиясының мүшесі атану- ол үлкен жауапкершілік. Қазақта: "Аманат арқалау" деген жақсы ұғым бар. Жалпы, партия деген  ол адамдар мен ортақ құндылықтар ғой. «AMANAT» партиясы Президентіміздің қоғамдық тірегі болуы керек.

Саят ЖӨКЕН, САЯСАТТАНУШЫ, ЖУРНАЛИСТ:

«AMANAT» деген ұғым үмітпен тікелей байланысты. Бүкіл халық үлкен өзгерістерді үлкен үмітпен күтіп отыр. Сондықтан да біздің партиямыз осы буын ауысып жатқан кезде тарихи дәуір ауысып жатқан кезде үлкен осы халықтың үмітін арқалап, халыққа пана болып, халықты басқарып елге ұйытқы болады деген сенім зор.


Саяси бірлестіктің қатарын кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, белсенді жастар және басқа да сала өкілдері толықтырды. Олардың барлығы партия қатарына өту – ел дамуына үлес қосудың жаңа мүмкіндігі екенін атап өтеді.

Мақсат ТОЛЫҚБАЙ, ТЕЛЕЖУРНАЛИСТ:

Қаншалықты іспен көрсете аламыз, ол әрқайсымыз үшін аманат. Өйткені "Жаңа Қазақстан" ол әркім өзінен бастау керек өзгерісті. Содан осындай шешім қабылдап жатырмыз. Бірақ нәрсе айтқым келеді, күйімнің жеткен жеріне дейін қазақ үшін қызмет етуге уәде етемін.


Олжас ОРДАБАЕВ, «TALAP» КЕАҚ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бүгінде қоғам алдында үлкен сын-қатерлер тұр, оларды еңсеру үшін бірігу қажет. «Сондықтан «AMANAT» партиясына қосылу – бәріміз үшін де айтулы оқиға. Біз партия мен елді одан әрі көркейту үшін бар күш-жігерімізді саламыз.

А. Данияр