Русский Сайттың толық нұсқасы

«А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына» орай ел астанасында «Қазағымның әдебиеті» жобасы өтті

  • AstanaTV
  • 12 мамыр 2022
  • 1077

Заманауи мектептерде ұлттық тәрбие, құндылықтарды қастерлеу бағытындағы жұмыстар қалыс қалмау керек. Назарбаев зияткерлік мектептері желісінде осы мақсатта түрлі әлеуметтік жобалар жүргізіледі. Соның бірі - ақын-жазушылар мен педагогтердің басын қосқан «Қазағымның әдебиеті» атты жоба. «Ахмет Байтұрсынұлының 150  жылдығына» орайластырылған іс-шарада кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, жас буынды қазақ әдебиетіне баулу тәсілдері талқылады.

Сабыржан СӘДУАҚАСОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Жалпы қазақ әдебиетінің болашақтағы дамуы, қазіргі жағдайы және қазіргі уақыттағы жастардың, оқушылардың әдебиетті оқуға деген ынтасы, жігері немесе қандай кедергілер бар және қандай шығармаларды біз қазіргі таңда оқуымыз қажет деген мақсатта осы кісілерді жинап, сол кісілердің пікірімен ой бөлісу мақсатында өткізіліп отыр.

А. Съезбек