Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекеттік сатып алу бойынша 163 қызметкер сотталған

  • AstanaTV
  • 13 мамыр 2022
  • 1581

Елімізде әрбір бесінші жемқорлық мемлекеттік сатып алу саласында жасалады. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Ресми деректерге сай, 2020 жылдан бастап осы кезеңге дейін 418 қылмыстық іс тергіліп, аяқталған. 160-тан астам азамат сотталған.

Ұлан САРҚҰЛОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Талдау жұмысы көрсеткендей, бұл қылмыстардың 80 пайызы бюджет қаражатын жымқыруға қатысты болып отыр. Сондай-ақ атқарылған жұмыстар мен жалған сатып алудың жеңімпаздарын анықтау туралы құжатқа қол қою кезінде жасалады.

Былтыр қызметкерлері жемқорлыққа жол берген 14 топ менеджер жазаланыпты. Олар қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін жауапқа тартылыпты.

Б. Сатуов