Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелегі не береді?

  • AstanaTV
  • 02 шілде 2016
  • 2148

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. 2017 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың қаңтарына дейін. Кеңеске 15 мемлекет мүше. Қытай, Франция, Ресей, АҚШ пен Ұлыбритания - тұрақты мүшелері. Ал 10 мемлекет тұрақты емес мүше болып 2 жыл мерзімге сайланады.Жыл сайын бес мемлекет таңдалады.

Мына фотода Қазақстанның сайланғаны жарияланған кездегі дипломаттар бейнеленген. БҰҰ штаб пәтерінде. Республиканың Канадағы елшісі Константин Жигалов, Австрия мен Словениядағы елшісі Қайрат Сарыбай, оны құшақтап жатқан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, ал бетін басып отырған еліміздің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Әбдірахманов. Оның сезімі арнасынан асып кеткенге ұқсайды...

Осыған орай жариялаған үндеуінде Президент, еліміздің қандай мәселелерге назар аударатынын тізді:

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

...Олар ядролық қару мен соғыс вирустары және жанжалдардан азат әлем құруға бағытталған.Қазақстан осы ізгілікті мақ­сат­тарына БҰҰ-ның құ­рыл­ғанына 100 жыл толатын 2045 жылға қарай қол жеткізу үшін жұмыс істейтін болады.Біз менің БҰҰ-ның 2015 жылы өткен Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында жариялаған терроризмге қарсы бастамамды ілгерілетумен айналысамыз.Қазақстан, сондай-ақ, су, энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешуге серпін беретін болады.

 -Қазіргі заманғы проблемаларды шешуге қатысу бізге көптеген елдермен және өңірлермен қарым-қатынастарымызды дамыту үшін мүмкіндіктер ашады. Бұл – ұлт толысқандығының көрсеткіші,- деді ол.

Досым Сәтпаев, саясаттанушы:

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшесі болуының 3 плюсі бар. 1. Біз үшін жаңа алаң ашылды – еліміздің бастамаларын жеткізетін. БҰҰ бас ассамблеясының сессиясында Президент антиядролық, антитеррорлық бағдарламаларды ұсынған еді. 2. Қазақстан ғаламдық геосаясат тұрғысынан «ішкі кухняға» кіруге мүмкіндік алды.  Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты 5 мүшесінің арасында не болып жататын ішінен көріп, білетін боламыз. Ресей, Қытай, Британия, АҚШ, Францияның. Бұл өте маңызды. 3. Саяси имиджге оң ықпал етеді. Бұл Кеңеске тұрақты емес мүше болып сайлануымыз сыртқы саясаттың – көпбағытты, қатып қалмаған саясаттың арқасы. Бұл барлық тарапты қанағаттандырады. Айтпақшы біздің сайлануымызға Ресей мен Қытай қолдау көрсеткен.