Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында радикалдар қолға түсті, Стамбұл әуежайындағы теракт...

  • AstanaTV
  • 02 шілде 2016
  • 2869

Қарағанды облысында радикалды террорлық топ қолға түсті. Олар 11 адам, - деп хабарлаған, ақпарат құралдары сәрсенбіде. Ал бейсенбіде ҰҚК төрағасы Владимир Жұмақанов  «алты адам ұсталды, бәрі жергілікті тұрғындар, салафизм бағытын ұстаушылар»,- деді журналистерге, парламент палаталарының кезекті сессиясының жабылуынан кейін.

«Терактілерді қай жерде ұйымдастырмақ болған» дегенге, «сол өңірде» деген және «Ақтөбедегі терактілермен байланысы жоқ»,- деп қосқан. 

Ал күдіктілерді қолға түсіру операциясы 26-маусым күні Балқаш қаласына жақын аумақтағы Гүлшат елді мекенінде өткен.

ҰҚК ақпарына сай, олар қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны қолдану арқылы террорлық акт жасауды жоспарлаған. Операция кезінде 36 жастағы Жақсылық Махмудов жеке меншік үйдің шатырында өзін-өзі жарып жіберген. Бұдан өзге зардап шеккендер жоқ.Арнайы операция кезінде жарылғыш құрылғылар, өзге де айғақ заттар тәркіленген.

Қарағанды облысы Гүлшат кенті әкімдігінің маманы:

Әзір ешқандай ақпарат бере алмаймыз. Бізге ҰҚК хабар таратуға тыйым салған. Ешкім жапа шеккен жоқ, тіршілігіміз қалыпты, қазір жалғасып жатыр. Оқиға түнде болғандықтан, кейбіреулер сезбей де қалды.

365 инфо.кз порталы құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзіне сүйеніп, күдіктілер туралы мәліметті жергілікті тұрғындар бергенін жазды. -Ақтөбедегі терактілерден кейін адамдар «біртүрлі» адамдардың жүріс-тұрысынан күдіктеніп, мән бере бастаған. Қалай хабар түсті, тексеруді бастадық, қысқа уақытта топтың құрамын, не істейін деп жүргендерін де анықтадық,- деген ол.

Бұл оқиға радикалдар қаупінің күшті екеніне нұсқайды. Екіншіден, өткендегі Ақтөбедегі терактілерден кейін қорытынды шығарылды, соған сәйкес барлық фронтта жұмыс істеледі деп үміттенесің. Бірақ сауал көбейіп барады...

Ал Стамбұл әуежайындағы терактілер 44 адамның өмірін жалмады. Туристік науқанның уақыты – қазақстандықтар Түркияға жиі сапарлайтын кез. Отандастарымыз дін аман, әйтеуір. Ажал құшқан 44 адамның 19-ы шетел азаматтары, 239 адам жараланды.

Түріктің "Хюрриет" газетінің жазуына қарағанда жарылғыш заттарды іске қосқан өлім себушілердің екеуінен Ресей төлқұжаттары табылған. Үшіншісінің кім екені анықталып жатыр. Алдында Өзбекстан, Қырғыз Республикасы және Дағыстанның азаматтары деген ақпарат тараған.

Досым Сәтпаев, саясаттанушы:

 Түркияның ішінде радикализмның тереңдеуіне ықпалдасатын факторлар көбейді. Бұл, Ататүріктің принциптерінен алшақтаған Ердоғанның саясатына да байланысты. Ол зайырлы институттарды қысқартты.Бұл түрлі діни ағымдардың дендеуіне ықпал етті...  Елде ДАИШ содырларының жүруі соған дәлел. Бұл белгілі-бір дәрежеде осы мемлекеттің ішкі проблемаларын да  көрсетеді. Және, Түркияның Сирия қақтығысына араласуы оның жауларын да көбейтті. Радикалды ұйымдардың өшігуін.