Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ақжарқын Тұрлыбай биыл Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін", - адвокат

  • AstanaTV
  • 16 мамыр 2022
  • 2130

Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбай биыл Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін. Бұл туралы оның адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов "Facebook" парақшасында жазды. Еске салайық, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында есірткі сатпақ болды деген күдікпен ұсталған еді. Дәл сол жылы жергілікті полиция Хошимин қаласында ресейлік Мария Дапирканы да тұтқындаған. Орталық Азия мемлекеттері арасындағы есірткі айналымын реттеу органы қыздарды нигериялық есірткі сату тобының құрбандары болды деп таныды. Адвокат қыздардың туған жеріне оралуының оңтайлы мүмкіндігі туып тұрғанын жазды.

А. Данияр