Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды қаласының тең жартысы сусыз қалды

  • AstanaTV
  • 17 мамыр 2022
  • 1404

Қарағанды қаласының тең жартысы  бүгін сусыз қалды. Қала сыртында  құбыр жарылған. Тұрғындар арнамызға хабарласып, көмек сұрады.

Мәдина СЕРІК, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Су жоқ таңертеңнен бері, күн өте ыстық. Кейбір адамдар дүкеннен сатып алып жатыр ақшаға. Кейбіреулер водовоз арқылы әкеліп отыр суды.

Тығырыққа тірелген тұрғындар  бұл туралы әлеуметтік желілерде де жарыса жазып жатыр.   Сұрыптау бекеті, Жұмысшылар мен Компанейск аудандарында таңертеңнен бері  су жоқ. Бұл аумақта қала тұрғындарының үштен бірі тұрады. Жауаптылардың дерегінше  апат түнде болған. 900 куб су далаға төгілген. Құбырды ауыстыру қиынға соғуда деді. Сондықтан судың қашан берілері белгісіз.

Николай СЕНЬКОВСКИЙ, «ҚАРАҒАНДЫ СУ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:

Су құбыры осы жерде жарылған. Ал жан- жағында сымдар бар. Оларды қазып алу қиынға соқты. Жұмыс әлі жалғасады. Тұрғындарға берген мекен- жайларына қарай су тасып беріп жатырмыз.

А. Қуаш