Русский Сайттың толық нұсқасы

"Әкімдіктен пайда жоқ",-тұрғын

  • AstanaTV
  • 17 мамыр 2022
  • 1293

Алматы облысы Қаскелең қаласының тұрғындары жолды өз қаражаттарымен жөндеп жатыр. Себебі, ұзақ жылдардан бері шешімін таппаған мәселеден әбден шаршадық дейді. Амалсыздан, осылай  етуге тура келгенін айтады. Жыр болған жол жайын тілшіміз Мөлдір Жахан жеткізеді.

Қаскелең қаласындағы Үлкен Саз көшесінің тұрғындары жол мәселесінің әбден қажытқанын айтады. Жыр қылғанымызға 20 жыл болды дейді.  Айтуларынша,  жылда азын-аулақ қаражат жинап, өз күштерімен көше жолдарын тегістейді.  Себебі, балалар  мектепке бару үшін таудан аққан ағын судың үстіндегі жармен жүруге  мәжбүр дейді.  

Гүлмира ҚОЖАЛИМОВА, ҚАСКЕЛЕҢ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Акиматтан ешқандай пайда жоқ, шақырады, келеді, көреді, жасаймыз дейді - ештеңе жасамайды. Мына жақ арық. Олар талай рет құлады. Қыста үлкен кісілер тайып кетіп, аяқтарын сындырған да кездер болған.

Көшелерге әлі күнге дейін арық жүйесі де жүргізілмеген. Жаңбыр жауса, үйдің ауласын су басады дейді тұрғындар.  Асфальт төселмеген соң, жол қанша тегістелсе де, ойыла береді.  

Әсия АЛЛАНИЯЗОВА, ҚАСКЕЛЕҢ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Менің немерелерім төртеу, үшеуі мектепке барады. Такси нанимать етемін. Такси келмейді даже: «не мынау, көше жолдарыңыз жаман», - деп, түсіріп кетеді. Біз шаршадық уже. Жол салып берсін.  

Сондай-ақ тұрғындар ауладағы қоқысты да жауаптылар уақытында алып кетпейтінін айтады. Бұл түйткілді мәселенің де түйіні тарқатылса дейді.

Айгүл ЖАНҰЗАҚОВА, ҚАСКЕЛЕҢ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Бала арыққа түсіп өліп те калған мына үйдің. Арықты каздык, оны басқалары қазбай қойды. Әкім келіп, бір көмектеспейді. +бізде не мектеп, не садик, не жол жоқ.

Ал әкімдіктегілер жол жөндеу жұмыстары жоспармен жүргізіліп жатқанын  айтады.  Арық пен жарықтандыру мәселесі де келер жылы шешіледі деді.    

Гүлнәр МОЛДАМСЕЙІТОВА, ҚАСКЕЛЕҢ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қаскелең қаласы бойынша бірнеше көшелерге жобалық - сметалық құжаттамалар жасалған. Оның ішінде сіз атап отырған Үлкен Саз көшесі де бар. Сонымен қатар, жалғыз жол жөндеу емес, жол бойындағы арықтарды жөндеу жұмыстары да осы жұмыстардың ішіне кіреді.  

Қаскелең қаласында 367 көше бар. Жоспарға сәйкес, биыл соның біреуі ғана жөнделеді.