Русский Сайттың толық нұсқасы

Референдумнан кейін елімізде үлкен өзгерістер болады

  • AstanaTV
  • 17 мамыр 2022
  • 1106

Бүгін «AMANAT» партиясының хатшысы Ринат Кертаев Елордадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония ұжымымен кездесті. Жиында  мемлекеттік маңызды мәселені халықтық дауысқа салудың артықшылықтары айтылды. Партия хатшысы ел тағдырын түбегейлі өзгертуге негіз болатын Конституциялық реформаны халыққа дұрыс жеткізіп, түсіндірудің маңыздылығына тоқталды.

Ринат КЕРТАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Референдум ол халық үшін жасалып жатқан нәрсе. Бұл билік институттарымен халық арасында жаңа қоғамдық келісім орнатуға бағыттылған үлкен механизм. Елімізде жаңа саяси мәдениет қалыптасып отырғандығын ескерсек, осындай кездесулерде біз референдумның түпкі мән мазмұнын, негізгі мақсатын түсіндіремзі деген ойдамын. Дәл осындай маңызды кездесулер 5 маусым күні біздің азаматтардың дауыс беру учаскелеріне келіп, елдің болашағы үшін дауыс беретіндігіне түрткі болады деген сенімдемін.

Жиында өнер ұжымы мемлекетімізді жетілдіру, жаңғырту және нығайтуға бағытталған реформаларға қатысты ойларын ортаға салды.   Олар бас құжаттың үштен бір бөлігі жаңарса, елімізде үлкен өзгерістер болатынына сенімді.

Ерлан ДАКЕНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Депутат ол халықпенен билік арасындағы алтын көпір деуге болады. Яғни екі жақтың мәселелерін жалтақтамай, жалтармай нақты көтеріп, соның шешімін табу керек. Егер де халықтың сенімін ақтамай жатқан кезде біз әрине өзіміздің мандатымызды тапсыруға тиістіміз.


Ә. Бердібеков