Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана күні - жігерлендіру мен армандарға жетелеу!

  • AstanaTV
  • 02 шілде 2016
  • 3660

Алдағы аптада Астана күні. Астана күнінің мағынасы адамдарды рухтандыру, жігерлендіру, асқақ армандарға жетелеу болар. Ал концерттер, қойылымдар арқылы рухани ләззат алуға көмектесу. Шын Өнерге жататын концерттерді айтам. Басқа шаралар – әзіл кештері сияқты – олардың да көрермені бар, қайнаған тіршіліктен бәр сәт демалуға жағдай жасау шығар... Бір нәрсе анық. Ол - астананың Сарыарқа төсінде орналасуының өте-мөте дұрыстығы. Астанадан еліміздің төрт бұрышына тура да, ауыспалы да мағынасында жолдар тартылып, тура да, ауыспалы мағынасындағы күретамырлар бүлкілдеп жатса, Астана расында әрбір жүректе...

 Мерекелік шаралар әрине, басталып кетті. Балалар айтқан тақпақтан, олар билеген биден, олар айтқан өлеңнен артық не бар? Жасандылықтан ада. Фальштан ада.

Тұңғыш Президент музейінде балдырғандардың қойған концерті «ойлы адамға қуаныш аз» дегенді  бір сәтке болса да жоққа шығарады.

Балдырғандардың концертінен.

"Біздің уақытты" "astanatv.kz" сайтынан көріп, оқи аласыздар. Осы бағдарламамен ағымдағы телемаусымды жабамыз. Мен сіздермен жаңа телемаусым басталғанша - қыркүйекке дейін қоштасамын. Аман болыңыздар!