Шымкент тұрғыны Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырған болуы мүмкін. Бұл туралы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады. Ведомство мәліметінше, Бәйдібек ауданының 46 жастағы тұрғыны "Асқазан-ішек жолдарынан қан кету. Өткір ауыр ағымы" диагнозымен Облыстық клиникалық ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Онан кейін науқас "Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына ықтимал жағдай" диагнозымен Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылған. Қазір науқастың жағдайы ауыр дейді мамандар. Онымен қарым-қатынаста болған 15 адам анықталып, бақылауға алынған.