Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкент тұрғыны Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырған болуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 17 мамыр 2022
  • 1138

Шымкент тұрғыны Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырған болуы мүмкін. Бұл туралы  санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.  Ведомство мәліметінше,  Бәйдібек ауданының 46 жастағы тұрғыны "Асқазан-ішек жолдарынан қан кету. Өткір ауыр ағымы" диагнозымен Облыстық клиникалық ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілген.  Онан кейін науқас  "Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына ықтимал жағдай" диагнозымен Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылған. Қазір науқастың   жағдайы   ауыр дейді мамандар.  Онымен қарым-қатынаста болған 15 адам анықталып, бақылауға алынған.