Русский Сайттың толық нұсқасы

Халықаралық есірткі арнасы жойылды

  • AstanaTV
  • 18 мамыр 2022
  • 1081

Қырғызстан мен Қазақстанның арнайы қызметі бірлесіп, ірі халықаралық есірткі арнасын жойды. Арнайы операция Қырғызстан мен Қазақстан аумағында жарты жыл бойы жүргізілген. Қырғызстан Ішкі Істер Министрлігінің мәліметінше, операция кезінде 4 Қазақстан азаматы  және Қырғыз Республикасының үш азаматы ұсталған. Бірлескен халықаралық операцияларды жүргізу барысында синтетикалық есірткі өндіретін 2 есірткі зертханасы жойылып, құны 1,9 миллион доллар болатын есірткі тәркіленді.

Ә. Дүкембаева