Русский Сайттың толық нұсқасы

Үстіне теледидар құлап кеткен оралдық екі жасар сәби жансақтау бөлімінде жатыр

  • AstanaTV
  • 18 мамыр 2022
  • 1750

Батыс Қазақстан облысында екі жасар сәбидің үстіне аурухана теледидары құлап кетті. Оқыс оқиға Бәйтерек аудандық ауруханасында болған. Ауыл тұрғыны қызына анықтама алу үшін емдеу мекемесіне барған көрінеді. Сол кезде ойнап жүрген баланың үстіне  үлкен теледидар құлаған.  Сәбиге дереу көмек көрсетіліп, ауырсынуды басатын дәрі егілді дейді дәрігерлер. Бас сүйегі мен кеудесі рентгенге түсіріліп, санитарлық авиация да шақыртылған. Бірақ жағдайы нашарлап кеткен соң, арнайы көлікпен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Қазір бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр. Полиция абайсызда денсаулыққа зиян келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Айнагүл САКПУСУНОВА, БҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Баланың бас сүйегі сынып, субарахноидальды қан кетті деген диагноз қойылды. Ауыр соққыдан бет сүйегі сынған. Жағдайы ауыр болғанымен, тұрақты.


Е. Карин