Русский Сайттың толық нұсқасы

Пандемияға бөлінген миллиардтар қайда кетті?

  • AstanaTV
  • 18 мамыр 2022
  • 1153

Пандемияға бюджеттен бөлінген миллиардтар қайда кетті? Денсаулық сақтау министрі коронавирус басталғалы жұмсалған ақшаның есебін берді. Айтуынша, індет тараған алғашқы жылы 252 миллиард теңге жұмсалған. Оның 28 миллиардына дәрі-дәрмек, қорғаныш құралдары, медициналық техникалар сатып алыныпты. 197 миллиард теңге дәрігерлердің үстемақысына, еңбекақысы мен сала мамандарының іс-сапарына жұмсалды, дейді.  Қалған ақша медициналық сақтандыру қорына халыққа көмек көрсету үшін бөлінген. Былтыр министрлік COVID-19-бен күрес үшін жарты триллион теңгенің басына су құйыпты. Қаржы: вакцина сатып алуға, ауруды анықтау диагностикасына, зертханалық зерттеулерге, сондай-ақ медицина мамандарын ынталандыруға кеткен.

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:


Биыл 2022 жылға 86 миллиард теңге қаралып отыр. Соның 9 миллиарды - вакцина алуға, жылдың басында вакциналар: "Veracell" мен "QazVac" алған болатынбыз. 20 миллиарды былтырғы алған "Pfizer-дің" ақшасын төледік. Ол туралы да мен Мәжілісте, барлық жерде бюджетті қорғағанда айтқан болатынмын.


Ажар Ғиният коронавирустың қаупі қауіп сейілген жоқ, деді. Қазірдің өзінде індеттің "Стелс-омикрон" штаммы Қазақстанның 12 аймағында анықталған. Сырқаттардың көбісі - елорда тұрғындары. Десе де, министр дүрбелеңге негіз жоқ өйткені инфекцияның бұл түрі «дельтаға» қарағанда жеңілрек екенін жеткізді.

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Бұл аурудың осы ағымында қандай да бір карантиндік шаралар енгізуді қажет етеді деп ойламаймыз. Көріп отырғаныңыздай, барлық шектеу алынып тасталды. Қазір тұрғындар арасында алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

А. Данияр