Түркістан облысында егіс алқаптары суда қалды. Қайта-қайта жауған нөсер жауыннан әсіресе жетісайлық шаруалар шарасыз. Жаңбыр суы жерге сіңбей, егістік алқаптар әлі көлкіп жатыр. Басым бөлігі- мақталық алқап. Шаруалар ақ алтынның құлағы енді ғана қылтиып шыққанда еткен еңбек еш бола ма деп уайымдайды.
Серік ОМАРОВ, ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ ЖАМБЫЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
4 га жерде бас жағына дейін қазір арғы бас жағы да су басып жатқан жерде тұр. Мақталық жер, ..бір құдай біледі, оны қайтып егеміз ба екпейміз ба, қайтып шығын шығаруға тура келеді ау деп ойлап жатырмыз енді.
Шаруалар мұның бәрі қашыртқының жоқтығынан дейді. Мәселені жергілікті билік өкілдеріне талай мәрте айтқанымен нәтиже шықпағанын айтады. Ал мамандар дренаждардың жұмыс істеп тұрғанын алға тартты. Қазір егістік алқаптарында су қашырту жұмыстары жүргізілуде. Жағдай тұрақты деп мәлімдеді құзырлылар. Аудан бойынша шамамен 500 гектардай жер суда қалған. Ал оның шығыны өтеле ме, жоқ па, белгісіз.
Нұрбосын ОРАЗБАЕВ, ҚАЗЫБЕК БИ АУЫЛЫНЫҢ ЖЕР ИНСПЕКТОРЫ:
Осыдан бес жыл алдын субсидия берілген да гектарға, сол кезде страховой компаниялар келіп шаруалармен жеке келісім-шартқа отыратын еді. Сонда бір апатты жағдай болса компания төлеп берер еді. Қазір ондай компаниялар жоқтың қасы. Егерде страховкіге ол жерін қоймаса мен енді қаражат жағын білмедім қалай жәрдем беретінін.
А. Төребекқызы