Русский Сайттың толық нұсқасы

Ең қымбат қант- Қарағандыда, келісі-1300 тг

  • AstanaTV
  • 20 мамыр 2022
  • 1926

Ең қымбат қант -Қарағандыда, 1 келісі -1300 теңге тұрады. Ал кей дүкендерде мүлдем қант жоқ.  Бұл туралы жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәлімдеді. Қадағалаушы органға тұрғындар қант  таппай жүргендерін айтып шағымданып жатқан көрінеді. Жемқорлыққа қарсы іс- қимыл департаменті сауда нүктелері мен жергілікті дүкендерді тексеруге кірісті.

Малика КҮСЕНБАЕВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС- ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ «САРЫАРҚА- АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бағаларға мониторинг жасаймыз, қоғамдық тамақтану орындары дүкендер қантты негізсіз қымбаттатып жіберді. Бағасы көрсетілген, бірақ қант жоқ сөрелер тұр. Тіпті 900 ден 1300 теңгеге дейін көтерілген.

Жұлдыз ҚҰСАЙЫН, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛІК БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Облысқа ай басынан бастап 400 тонна қант өнімі келген болатын және коммерциялық қоймаларда 334 тоннадан астам қант өнімі бар. Және де СПК стабилизациялық қорында 465 тоннадан астам қант өнімі бар. Және де тауарлық интервенция жүргізілуде.

Қарағанды вокзалының маңындағы жұрт ең көп келетін әлеуметтік павильонның сатушылары күніне 8 қап қант сататындарын айтады. Супермаркеттер желісінің көбінде шекер біткен. Ал кәсіпкерлік басқармасының мәліметінше, өнім  өңірде жеткілікті.  Жоқшылықты кәсіпкерлер қолдан жасап отыр дейді.    

А. Қуаш