Русский Сайттың толық нұсқасы

Университет бітірген түлектерге еңбек нарығында сұраныс жоқ - Сенат

  • AstanaTV
  • 20 мамыр 2022
  • 1619

Қағаз жүзінде барлығы мінсіз, ал өмірде мүлде басқа көрініс. Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп осылай дейді. Оның айтуынша, жұмыссыздықпен күресу бағдарламалары тиісті нәтиже бермей отыр, өйткені қаржының басым бөлігі уақытша жұмыс орындарын құруға жұмсалады. Ал, бұл мәселені шешпейді дейді ол.

Нұртөре ЖҮСІП, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Жұмыс берушілердің сұранысы бір бөлек, білім беру жүйесінің оқу бағдарламасы бір бөлек. Соның салдарынан жұмыссыз жүрген жас азаматтардың қатары толыға түсуде. 2021 жылғы желтоқсан айындағы жағдай бойынша оқу бітірген 168 000-нан астам адамның, 110 мыңы ғана жұмысқа орналасқан. ЖОО түлектерінің 31 пайызы, колледж түлектерінің 33 пайызы жұмыс таппай сандалып жүр.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың мәліметінше, елімізде жастардың 40%-дан астамы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Оған себеп жоғары оқу орындарын бітірген түлектердің үштен бірі еңбек нарығында сұранысқа ие емес. Зерттеу нәтижесі осындай дейді.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Тәуелсіз ұйымдардың сауалнамаларына сәйкес, 25-29 жас аралығындағы топта респонденттердің шамамен 12%-ы әлі тұрақты жұмыс істемеген. Жоғары білім туралы дипломы бар қазақстандық жастардың 40%-дан астамы мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Осыған байланысты жұмыс орындарын құруға және жастар практикасына бағытталатын бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне қатысты мәселелер туындайды.


Б. Сатуов