Елімізде жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша бір аптада 34 адам көлік алды. 14 мыңнан астам өтініш түссе, соның 5 мыңға жуығын банк мақұлдаған. Қазір отандық автосалондарда 8 мың көлік бар. Маусым айының аяғында оның саны екі есе артады деп жоспарлануда. Автонесиелеу бағдарламасымен 5 брендтің көліктерін алуға болады. 32 модель бойынша таңдау жасауға мүмкіндік қарастырылған.
Ғалымжан ӘДИ, "ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ" АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
Әлеуметтік тұрғыда да, экономикалық тұрғыда да ыңғайлы нәрсе болса, бәрі соны алғысы келеді. Сондықтан көпшілік 100 миллиард бөлінді, он миллионнан санасақ, он-ақ мың адам машина алады болды, қалғандары қалды деп ойлайды. Бұл арада револьверлік қағидат бар. Бұл ақша 30 жыл айналатын болады.
Ә. Бердібеков