Ата заңға нақты қандай түзетулер мен толықтырулар енгізіледі? Әділет вице-министрі Алма Мұқанованың айтуынша, Конституцияға енгізілетін өзгерістерді негізі 12 бағытқа бөліп қарастыруға болады. Соның бірі құқық қорғау институтарын күшейту. Бұл бағытта адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және бас прокурордың мәртебесі енді конституцияда бектілмек. Сондай-ақ, аталған құжатта өлім жазасын түбегейлі алып тастау көзделген. Айта кетейік, енді қызметтегі шектеулер лауазымды тұлғалар үшін де енгізіледі.
Алма МҰҚАНОВА, ҚР ӘДІЛЕТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Төртінші ол кейбір адамдардың лауазымда болуына байланысты шектеулері. Мәселен конституциялық сот, жоғарғы сот және өзгеде соттар төрағалары мен судиялары, орталық сайлау комиссиялары, жоғары аудиторлық палатаның төрағасы мен мүшелері үшін саяси партияда, кәсіподақтарда болуға және қандай да бір партияны қолдауға тиым салынуы ұсынылып отыр.
Сонымен қатар Ата заңда мәжіліс алдында жылына екі рет республикалық бюджеттің атқарылу туралы есеп беретін жоғарғы аудиторлық палата құру көзделген. Еске салайық, бұған дейін мұндай жиындар жылына бір рет қана ұйымдастырылатын.
Б. Сатуов