Русский Сайттың толық нұсқасы

Халықтың 72% астамы референдумды қолдайды

  • AstanaTV
  • 23 мамыр 2022
  • 1197

Халықтың 72% астамы референдумды қолдайды. Сарапшылар жүргізген онлайн сауалнама осыны көрсеткен. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдум өткізу идеясын қолдаушылар артып келеді. Сауалнамаға қатысқандардың 80%-ға жуығы референдумның қай күні болатынын біледі. Ал 72%-дан астам тұрғын Ата заңға өзгерістер енгізуді қолдайды. Айта кетейік, сараптама нәтижесіне сүйенсек, референдумға байланысты ақпараттандыру көрсеткіші 7%-ға артқан. Референдумға келуге ниеттеніп отырғандар да біршама көбейіп келеді.