Русский Сайттың толық нұсқасы

"Конституциялық реформа азаматтардың ел басқарудағы рөлін арттырады",- Е.Саиров

  • AstanaTV
  • 24 мамыр 2022
  • 1094

Конституциялық реформа азаматтардың ел басқарудағы рөлін арттырады. Бұл туралы мәжіліс депутаты Ерлан Саиров  «AMANAT» партиясының жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңесте айтты. Ол  Конституцияға енгізілетін өзгерістер әлеуметтік әділеттікті күшейтеді дейді.

Ерлан САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Конституциялық сот қайтадан құрылады. Енді депутат ретінде біздің баршамызға аймақтардан көптеген шағым тілек, өтініштер келіп түседі соның 50 пайыздан астамы осы соттардың шешімдеріне байланысты.

Конституциядағы өзгерістер кез- келген азаматтың өміріне тікелей қатысты болады, - деп есептейді кеңес төрағасының бірінші орынбасары Қайырбек Сүлейменов. Ол сондай-ақ түзетулердің арқасында елде саяси бәсекелестік артады дейді. Ал бұл  партияларға берілген тең мүмкіндік екенін айтады.  

Қайырбек СҮЛЕЙМЕНОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір президент барлық партияларға тең мүмкіндік беріп отыр. Ендігі жерде партиялардың беделі, халық алдында атқарған жұмыстарына байланысты болады. Сондықтан партиялар өз жұмыстарын мүлде басқаша атқаруы тиіс. Бұл партияға мүше азаматтар мен орталық партия басқармасының жауапкершілігін одан әрі арттырады.


Б. Сатуов