Шымкенттік оқушы әлемнің 35 жоғарғы оқу орнынан шақырту алды. Бүгін 11-сыныпты бітірген Мирас Сейілханға АҚШ, Ұлыбритания Австралия, Италия сынды алдыңғы қатарлы елдердің беделді университтері есігін айқара ашып отыр. «Білім инновация» ер балаларға арналған 1 лицей-интернатының түлегі экономика және қаржы мамандығын меңгермек. Көп ұсыныстың ішінен Нью-Йорк штатындағы Итака колледжін таңдап отыр. Шетелде білім алуды кішкентайынан армандаған Мирас тоғызыншы сыныптан бастап дайындықты күшейткенін айтады. Өзінің мұндай мүмкіндікке жетуінде ұстаздарының еңбегі орасан екенін атап өтті. Оқу бітіргесін Отанына оралып, ел экономикасын өркендетуге үлес қосамын дейді.
Мирас СЕЙІЛХАН, «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» ЕР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН №1 ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ТҮЛЕГІ:
Неге Нью-Йорк, себебі барлығымыз білетіндей Нью-Йорк ол қаржылай центр. Қаржылай орталық әлемнің орталығы, сонымен қатар менің көптеген университеттерім жіберген, сонымен қатар түскен көбісі Нью-Йорк қаласында орналасқан болатын. Сол жақтан білімімді алып осы Қазақстанға үлесімді тигізсем деймін. Болашақта Қазақстанның болашағы бола алатын, экономикасын өзгерте алатын, ықпалымды тигізе алатын азамат болғым келеді.
Райхан ӘБІШОВА, «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» ЕР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН №1 ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:
Лицейде кәсіптік бағдар беретін арнаулы маман бар. Олардың барлығы арнайы дайындалған және IELTS емтихандарына дайындайтын ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері бар, сол мұғалімдеріміздің арқасында бүгін біздің Мирасымыз және басқа да түлектеріміз еліміздің бірнеше мемлекеттерінен, оқу орындарынан шақырту алып отыр. Бұл әрине лицей үшін үлкен жетістік, қуаныш.
А. Төребекқызы