Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері 50 млн.теңге ұрлады деген күдікке ілінді

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2022
  • 1360

Алматы облысында ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері 50 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі хабарлады.

Арман Тілеукеновтың айтуынша, ауыл шаруашылығы басқармасының экс-басшысы қаржы институтының басшысымен сөз байланысқан. Сөйтіп  агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған  мемлекеттік бағдарламаның қаражатын жымқырған. Қазір күдіктілерге қатсты сотқа дейінгі тергеу басталған.  Кінәсі дәлелденсе шенділер 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы  мүмкін.

Арман ТІЛЕУКЕНОВ,  ҚР СЫБАЙЛАС  ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Алматы облысының Антикоррупциялық қызметі аймақтың ауыл шаруашылығы басқармасы экс -басшысы мен лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Олар қаржы институтының басшысымен алдын-ала сөз байланысу арқылы  50 миллион теңге соммасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Тергеу жалғасуда.

Ә. Лесбек