Русский Сайттың толық нұсқасы

«Жаңа Қазақстан», «Әділетті Қазақстан құру» деген популистік сөз емес, – Р.Кертаев

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2022
  • 1199

«Жаңа Қазақстан», «әділетті Қазақстан құру» деген популистік сөз емес. Елдік үшін оң өзгерістерді Президент өзінен бастап отыр. Нақты қадам жасайтын кез келді. «AMANAT» партиясының хатшысы Ринат Кертаев параолимпиадалық жаттықтыру орталығының ұжымымен кездесуде осылай деді. Ол мекеме қызметкерлеріне алдағы конституциялық референдумда халық талқысына салынып отырған 33 ұсынысты егжей-тегжейлі түсіндірді.  Әрі тарихи таңдау жасаудан қалыс қалмауға шақырды.

Ринат КЕРТАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Барлық азаматтарға тең жағдай жасалған, әлеуметтік әділетті елдердің қатарына кіруді көздейміз. Біз ашық, салауатты, жоғары білімді, денсаулығы мықты, жасампаз азаматтардан құралған қоғам құруды мақсат етеміз. Осы жұмысты жаңа мазмұндық деңгейде, жаңа сапалық деңгейде атқару қажет. Бұған «AMANAT» партиясы кірісіп кетті.  Осы өзгерістердің бастауы 5 маусым күні болатын референдумға барып, саяси трансформацияға дауыс беру. Сондықтан мен сіздерді осы өзгерістерді қолдуға шақырамын!

«Бұл өзгерістер әр азаматтың өміріне қалай әсер етеді?» «Кімге қандай пайдасы бар?». «Референдум» дегенде халықтың алдымен қоятын сұрағы осы.  Мәжіліс депутаты Динара Зәкиева жиналғандардың көкейкесті сұрақтарына жауап берді. Оның пікірінше, референдум-игі өзгерістердің бастамасы.

Динара ЗӘКИЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазіргі әлеуметтік проблемаларды шешуді алдымен саяси реформалардан бастау керек. Сонда ғана мемлекеттің экономикалық-әлеуметтік өмірінде өзгерістер болады. Конституцияның жаңа нұсқасында сіз бен біздің, яғни, халықтың мемлекеттік басқаруға араласуын кеңейту ұсынылып отыр. Осылайша, әрқайсымыздың өмірімізге байланысты процесстерге тікелей әсер етуімізге мүмкіндік тумақ. Конституцияда 99 бап бар десек, 33 түзету енгізу - өте маңызды қадам. Сондықтан таңдау жасауға келіңіздер.


А. Съезбек