Алматыдан
кезекті автошеру жолға шықты. Бұл жолы құрамында ауған соғысының ардагерлері,
әскерилер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қоғамдық ұйым өкілдерінен
құралған топ республиканың 20 қаласын аралап шықпақшы. «Ұлы дала азаматтары»
деген атпен өтетін шеру негізінен ірі қалалардағы мұражайларда түрлі кездесулер
өткізеді.
Олар
Ұлы Отан соғысының даңқты батыры, әйгілі қолбасшы, генерал Иван Панфиловтың
соғыс даласында ұстаған штандартын өздерімен бірге ала шыққан. Мұражайларды
аралаған кезде жастарға, өскелең ұрпаққа туды көрсетіп, отансүйгіштік рухта
кездесулер өткізбекші. Сондықтан бүгін топ 28 панфиловшылар дизизиясы алғаш
жасақталған Бішкек қаласына аялдайды. Одан кейін еліміздің өңірлердегі
шаһарларына жол тарпақ. Сапаршылар тек 12 шілде күні Алматыға қайта оралады.
Айта кетейік, бүгінгі шығарып салу рәсіміне халық қаһарманы, ұшқыш Дмитрий
Родин арнайы келіп, шеру мүшелеріне ақ сапар тіледі. Ал ұйымдастырушылар оның
кеудесіне Талғат Бигелдинов атындағы арнайы медальды естелік ретінде қадады.
Патриоттық шара ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қазақстандағы әскери
құрамалардың құрылғанына 75 жыл толуына арналып отыр.
Қайыммұнар
Табеев, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз хатшысы:
Бұл
автошерудің мақсаты - еліміздегі қазақстандық патриотизмді насихаттау. Ата-бабаларымыздың Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктерін жаңғырта отырып, бүгінгі
жас ұрпақтың және, Алматы қаласының үлкен музейлерінде кездестіру ұйымдастыра
отырып, осы ерлікті насихаттау болып табылады. Бұл автошеруді «Нұр Отан»
партиясы қолдап отыр.
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ