Русский Сайттың толық нұсқасы

ЖСН беру уақытша тоқтатылды

  • AstanaTV
  • 27 мамыр 2022
  • 1295

Шетелдіктерге ЖСН-ді онлайн беру уақытша тоқтатылды. e-GOV порталында бұл қызмет түрі тек қазанның бірінде іске қосылады.  Ішкі істер министрлігі бұны техникалық себептермен байланыстырады. Құжатты офлайн режимде халыққа қызмет көрсету орталықтарына келіп рәсімдеуге болады. Жеке сәйкестендіру нөмірі өзге ел азаматтарына мемлекеттік органдарға жүгініп, банк шоттарын ашу үшін керек. Айта кетейік, жыл басынан бері Қазақстаннан 90 мың бір жүз шетел азаматы ЖСН алған. Оның 36 мыңға жуығы - ресейлік. Бұл өткен жылғы осы уақыттағы көрсеткіштен 16 есе көп.

Б. Сатуов