Русский Сайттың толық нұсқасы

Медициналық мекеме қызметкерінен 32 млн теңге бопсалаған

  • AstanaTV
  • 30 мамыр 2022
  • 1211

Медициналық мекемедегі шикілікті жария етпеудің құны - 32 млн теңге.  Жетісай қаласының тұрғыны Түркістан облысындағы емдеу мекемесінің қызметкерінен  ақша бопсалаған. Күдікті жергілікті дәмханалардың бірінде өзі сұраған ақшаны алу кезінде ұсталды. Криминалдық полиция басқармасына медицина мекемесі қызметкерінің бірі   шағымданған. Оның айтуынша, белгісіз біреулер «жалған мәліметтерді таратып жариялаймыз, сондай-ақ бақылаушы органдардың жоспардан тыс тексерулерін ұйымдастырамыз», деп бопсалап, 32 миллион теңге талап еткен. Бұл іске қатысты екінші күдікті де қамауға алынды.  Ол -Мақтаарал ауданының тұрғыны. Полицейлердің дерегінше, күдікті мен оның сыбайласының бұл  олардың алғашқы қылмысы емес көрінеді.

Сұлтанбек ҮСІПБЕКОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Мақтааарл және Жетісай аудандарында медицина мекемелерн бопсалаумен айналысқан екі күдікті тұлға 32 млн теңге алу барысында құрықталып, ұсталды. Қазіргі таңда аталған тұлғаларға ҚР ҚК нің 194 бабыбының 4-ші тармағы яғни «аса ірі мөлшерде бопсалау дерегімен қылмыстық іс тергеп-тексеру жүргізілуде.

А. Төребекқызы