«Жаңа Қазақстан» идеясы жалаң ұран болып қалмауы тиіс». Бұл Алматы қаласында «Аманат» партиясының «Талқылау» диалог алаңында өткен басқосуда айтылды. Жиналғандар референдумның маңызы, мақсатын талқылады. Айтуларынша, билік пен халық арасында тығыз қарым-қатынас болуы керек. Конституцияға енгізілетін өзгерістер соны көздейді деді. Сондықтан референдумда әр азаматтың дауысы-маңызды.
Қали СӘРСЕНБАЙ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Қазақстанның жаңа дәуірі басталғалы тұр. Президенттің «Жаңа Қазақстан» идеясын қолдаудың арқасында, сол идеяны жүзеге асыру үшін ең алдымен саяси реформаларды жүзеге асыру керек. Сондықтан, Конституцияға толықтырулар енгізілу керек. Референдумның басты маңызы сонда.