Русский Сайттың толық нұсқасы

IT-Комитет құрылады

  • AstanaTV
  • 30 мамыр 2022
  • 1121

Елімізде цифрлық заңнамалар ескірген.  Сондықтан "AMANAT" партиясы заң шығарушыларға жаңа құжаттарды әзірлеуге көмектесетін IT-Комитет құрмақ. Әлемде  технология  күн сайын жаңарып жатыр.  Елдің болашағы  заманауи технологияны қаншалықты игергендігіне, онымен жұмыс істеу әдетінің қалыптасуына байланысты болмақ. Аманаттықтар цифрландыру саласындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға,  отандық әзірлеушілерді мемлекеттік қолдау тетіктерін пысықтауға және олардың өнімдерін шетелге танытуға, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті виртуалды салаға енгізуге ниетті. Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева бұл жұмысқа ерекше көзқарас қажет екенін атап өтті.

Екатерина СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бізде жергілікті өндірушілерді қолдаудың барлық шаралары нақты өнімді шығаруға бағытталған. IT саласы сәл өзгеше. Мұнда тауарға бағытталған субсидияларды елестету қиын. Кәсіби қоғамдастықтың көмегімен біз бұл қолдауды қалай жүзеге асыруға болатындығын талдаймыз. Механизмдер қарапайым өнеркәсіп пен өндірістен өзгеше болады.

Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Партияның қазір талдау және мониторинг департаментін құру бастамасы бар, онда Мәжілістің, мемлекеттік органдардың партиямен байланысы үшін жауап беретін, құжаттар дайындайтын 1 маман болады.


Ә. Дүкембаева