Алматыда «Ұлт рухы – ұрпақ мұраты» атты алғашқы мәдениет форумы өтті. Форум аясында 47 өнер майталманы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды. Сондай-ақ, еліміздің мәдениет саласындағы түйткілді мәселелер талқыланып, жетістіктер туралы айтылды. Елімізде 7 мыңнан астам өнер ошағы бар. Оларды жөндеу, жабдықтау бойынша қазір жоспар әзірленіп жатыр. Биыл 300-ге жуық мәдени нысан салынып, қайта жөндеуден өтеді. Әсіресе ауылдық жерлердегі өнер ошақтарына көңіл бөлінбек.
Күміс СЕЙІТОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ МӘДЕНИЕТ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Форум аясында мәдениет саласында жүрген қайраткерлердің көкейінде жүрген біраз мәселелер көтерілетін болады. Біздің мәдениетімізді дамыту үшін, осы саладағы қызметкерлерді, шығармашылық интеллигенцияны қолдау үшін бұл өте маңызды шара.