Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде қуғын-сүргін құрбандары туралы кітаптың таныстырылымы өтті

  • AstanaTV
  • 30 мамыр 2022
  • 1546

Шығыс Қазақстан облысында  қуғын-сүргінге ұшырағандар аз емес. Жазушы Алдияр Әубәкіров өңірдегі репрессия құрбандары туралы тың деректерді жинақтап, арнайы кітапқа топтастырды. Ол тарихи еңбекті жазу үшін  заман тепкісіне ұшыраған әрбір азаматтың отбасымен кездесіп, жіті зерттеу жүргізген.  Қазақстан мен Ресейдегі шаң басқан мұрағаттарды ақтарып, тың мәліметтерді жинақтаған. Толығырақ тілші материалында.

Кітаптың тұсау кесері өлкетану мұражайында өтті. Онда қуғын-сүргінге ұшырағандардың фотосуреттері қойылған. Бірақ олар өте аз. Құпия сақталған бұйрықтар, мақалалар мен халық жауы деп танылған азаматтардың құжаттары да осында бар. Көбі осы күнге дейін белгісіз болып келген.

Геннадий ПУССЕП, ҚХА ШҚО БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл жазбалар ұзақ уақыт бойы құпия сақталған. Оларға қазір ешкім тиіскісі келмейді. Бұл бізге қызық емес деген сөз емес. Тақырып тың, әрі өзекті. Сонымен бірге өте нәзіктікті талап етеді. Менің өзім Эстондық отбасынан шыққанмын. Айтылмаған, сөрелерге қойылмаған дүниелер көп. Алдияр Әубәкіровтың кітабы әдебиетімізден лайықты орын алады деп сенем.

Кітап авторы жинақты зерттей жүріп, көптеген халықаралық қорлармен байланыс орнатқан. Осылайша ол мұрағаттардан "өте құпия" белгісімен әлемге әйгілі жазушы, қоғам қайраткері Гертруд Вильгельм туралы материал тапқан.

Алдияр ӘУБӘКІРОВ, "ЖАУАПСЫЗ ХАТ" КІТАБЫНЫҢ АВТОРЫ:

Сотталып кеткен, не көшірілген бүгінгі күні көбі  әлі ақталған жоқ. 2021 жылы біздің ЦПСИ прократура 23992 адамның документері құпия түрде ашылды.


Алдияр Әубәкіров қуғын-сүргінге ұшырағандардың бүгінгі ұрпақтары, өз туыстары жайлы деректерге арнайы сұрау салып іздене алады.  Көпшілік әлі күнге дейін олардың тағдыры туралы ештеңе білмейді, дейді. Айта кетейік, облыстық комиссия жұмысының арқасында бүгінде өңірдегі 373 қор зерттеліп, 19 мыңнан астам материал қаралған. Соның нәтижесінде тағы 1 мың 213 іс оңалтуға жіберілді. Олардың әрқайсысының артында адам тағдыры тұр.

Б. Сатуов