Русский Сайттың толық нұсқасы

Референдум өткізуді қазақстандықтардың 84% қолдайды

  • AstanaTV
  • 31 мамыр 2022
  • 989

Президенттің референдум өткізу туралы бастамасын қазақстандықтардың 84%-ы қолдайды. Бұл мамыр айының ортасындағы зерттеу көрсеткіштерінен 12%-ға артық.  Сауалнама еліміздің 17 өңірін қамти отырып, 18   жас және одан асқан 1200 қазақстандықтың арасында жүргізілген. Оған қатысқандардың  86 проценті жалпыхалықтық референдум қашан  өтетінін біледі. Қазақстандықтардың 76 пайызы дауыс беруге ниетті. Сауалнамаға қамтылғандардың  79 проценті ұсынылған конституциялық түзетулер пакетін қолдайды. Ал Мемлекет басшысының саяси бағытын қолдаушылар  деңгейі одан да жоғары. Азаматтардың 80 пайыздан астамы Президент реформаларын жақтайды.

Б. Сатуов