Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарылмайды

  • AstanaTV
  • 31 мамыр 2022
  • 2359

Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға экстрадицияланбайтын болды.  Бас прокуратура таратқан мәлімдемеде, Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айрылған Ақжарқын Тұрлыбай  2020 жылдың 19 қазанында  өзін Қазақстанға ауыстыру туралы хат жолдаған. Соған байланысты Қытай тарапына тиісті сұрау жіберілген. Бірақ, Қытай қазақстандық бойжеткенді елге экстрадициялаудан бас тартты, өйткені, ол шартты түрде ерте босау мүмкіндігінсіз өмір бойына сотталған дейді. Дегенмен, Бас прокуратура өкілдері әлі де үміт бар екенін айтады. Қытай соты оның жаза мерзімін қысқартып, нақты жылдарды атап белгілесе елге қайтаруға келісуі мүмкін.