Русский Сайттың толық нұсқасы

Алаяқтық әрекеті үшін 16 жастағы баланың үстінен қылмыстық іс қозғалды

  • AstanaTV
  • 31 мамыр 2022
  • 1231

16 жастағы жеткіншек 25 адамды алдаған. Өзі басқа қалада болса да, елордадағы пәтерлерді жалға беру туралы хабарландыруларды әлеуметтік желіде жариялап отырған. Күдікті жедел-тергеу іс-шаралары барысында қолға түсті.  Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.   Барлық іс-әрекеттерден келген шығын -шамамен 350 мың теңге. Нұр-Сұлтан қалалық ішкі істер басқармасы криминалдық полиция бөлімінің бастығы  Талғат Бөлегеновтің айтуынша, интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлерінің ішінде банктердің жалған қызметкерлерінен қоңыраулар шалатыны, сондай-ақ, алаяқтарды полиция, прокуратура және Ұлттық Қауіпсіздік Комитет қызметкерлері ретінде таныстыратын жағдайлар жиі кездеседі.

Талғат БӨЛЕГЕНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ІІБ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:


Биыл 1400 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Жалпы  шығын 1 млрд теңгеден асады. Жыл басынан бері елордалық полицейлер 48 интернет-алаяқты ұстап, қылмыстық жауапкершілікке тартты. Арасында банк қызметкерлері де бар.


Ә. Дүкембаева