Русский Сайттың толық нұсқасы

"Аштықтан қаза тапқандардың нақты саны әлі күнге дейін белгісіз",- депутат

  • AstanaTV
  • 31 мамыр 2022
  • 1585

«AMANAT» партиясы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.  Биыл 1921-22 жылдардағы ашаршылыққа -100 жыл, бірақ әлі күнге дейін ол  тиісті бағасын алмаған. Қасіретті жылдар ақиқаты жазылған құжаттар  архивтерде «аса құпия» таңбасымен сақталып келеді деді мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Аманжол Әлтай. Сондай-ақ,  аштықтан қаза тапқандардың  нақты саны да белгісіз екенін айтты.  

 Аманжол ӘЛТАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

20 ғасырдағы  ұлтымыздың басынан кешкен,еліміздің, халқымыздың басынан кешкен ауыр күндер, ердің басы байлауда болған, бармағы шайнауда болған, елдің көші қаралы, жүрегі жаралы болған жылдар бүгінгі ұрпақтың, сіздер мен біздердің есімізден шықпауы керек деп ойлаймын.