Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда фельдшер науқасты өлім аузынан арашалап қалды

  • AstanaTV
  • 01 маусым 2022
  • 1869

Павлодарда фельдшер науқасты өлім аузынан арашалап қалды. Сычевка ауылының тұрғынына  дем жетпей тұншығып, қасындағылар жедел жәрдем шақырған. Чернорецк ауылының фельдшері Ермек Шукуев  20 минутта сонда жеткен. Науқастың «клиникалық өлімге» ұшырғанын анықтап, дереу әрекет етіпті. Жүрегі тоқтаған әйелге жасанды дем беріп, жүрек соғысын қалпына келтірген. Соның арқасында науқас өлімнен аман қалды.

Ирина МИЩЕНКО, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Ермек Шукуев 15 жылдан астам уақыт медицина саласында жұмыс істейді. Жоғары дәрежелі фельдшер. Кардиоорталықтың үздік қызметкері атанған. Науқас өмірін сақтап қалу оның тәжірбиелі маман екенін көрсетті. Біз өзіміздің мамандарымызбен мақтанамыз.


Ал фельдшерге  көлік жүргізушісі Ерлан Рамазанов көмектесіпті. Жәдел жәрдем қызметі  олардың  қиын жағдайда науқасқа көмек көрсетуі үшін арнайы дайындықтан өткенін хабарлады. Осыған ұқсас жағдай бір күн бұрын облыс орталығында да болған. Жедел жәрдем қызметі ауыр соққыдан есінен танып, кейін жүрегі тоқтап қалған тағы бір адамды өлімнен арашалап қалған. Оған да фельдшерлер жедел реанимациялық көмек көрсетіп, жүрегін соғысын қалпына келтіріпті. Ол науқас та есін жиып, ауруханаға жеткізілді.


Ө. Қуанар