Русский Сайттың толық нұсқасы

"Референдумды қолдау керек",-металлург

  • AstanaTV
  • 01 маусым 2022
  • 1466

«AMANAT» партиясы республикалық штабының мүшелері жер-жерді аралап, еңбек адамдарымен кездесуде. Олар халықтың алда өтетін Конституциялық өзгерістерге көзқарасын тыңдап,   пікір алмасуда. Мұндай жиындар  Қызылорда, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында да  өтті.  

Республикалық штаб шүшелері,  Мәжіліс депутаттары Бақытбек Смағұл мен Геннадий Шиповских Қызылорданың шалғай ауылдарын аралады.  Жалғашта ауданындағы  күріш өсірумен айналысатын жетекші шаруашылықтардың бірінде болды. Еңбек ұжымына референдумның маңыздылығын түсіндірді. Шаруалар   бастамаға қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.

Алпамыс МҰСАЕВ, ШАРУА:

Көзімді ашқаннан бері егін шаруашылығымен жұмыс жасап келемін. Ел жақсы, елде тыныштық болсын. Сайлау болады, оған атсалысып, бүткіл халық болып қатысамыз. Еліміздің жақсы болғаны, жаңа Қазақстанның алға басқанына біз тілектеспіз.

«AMANAT» партиясы республикалық штабының мүшелері Ғалымжан Елеуов пен Аманғали Бердалин ақтөбелік байланысшылармен кездесті.  Байланысшылар елдің патриоты ретінде 5 маусымда сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып баратындарын жеткізді.

Ғалия ӨТЕГЕНОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:


Егер мен өзімнің халқымның, елімнің жақсы, өркениетті болуын қолдасам, референдумға баруым керек деп есептеймін.


Осындай кездесу қарағандылық металлургтермен де өтті. Мәжіліс депутаттары «Арселор Миттал Теміртау" домна цехының ұжымына Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мәнін жеткізді. Кәсіпорында негізінен шойын балқытылады. Мұнда 500 ден астам адам жұмыс істейді. Олар депутаттар назарына өздерін толғандыратын басқа да өзекті мәселелерді ұсынды. Металлургтердің зейнет жасын төмендету, жалақыны өсіру, азық- түлік бағасын тұрақтандыру туралы сөз қозғалды.

Ардақ АЖДАРОВ, МЕТАЛЛУРГ:


Референдумды қолдау керек.  Сену керек. Менің ойымша өзгерістер көп.

Қарапайым еңбек ұжымдарының алдағы саяси өзгерістерден күтері көп.  Олар ел Президентінің референдум өткізудегі шешімі -нағыз халық үніне құлақ асатын мемлекеттің   ұстанымы деп біледі.

М. Тоқтасынқызы