Қостанай облысында да «AMANAT» партиясының Республикалық штаб мүшелері мен мәжіліс депутаттары шалғай ауылдарды аралап, тұрғындармен кездесті. Референдумның маңызын түсіндірді. Жиынға қатысушылар халық қалаулыларына өздерін толғандырған сауалдар қойды. Референдумды қолдайтындарын жеткізіп, саяси науқанға белсенді қатысатынын айтты.
Мағжан МЕЙІРЖАНҰЛЫ, ЖҰМЫСШЫ:
5 маусым күні референдумға толықтай қатысуға барамын. Және өзімнің туыстарымды, достарымды да шақырып жатырмын. Қазақстанға түбегейлі, жақсы өзгерістер керек боп тұр. 1995 жылдан бері конституцияда өзгерістер болмаған. Жаңа өзгерістер керек.
З. Санай