Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордалықтар Конституцияға өзгеріс енгізу билікке деген ел сенімін күшейтеді деген пікірде

  • AstanaTV
  • 01 маусым 2022
  • 1034

Қызылордалықтар Конституцияға өзгеріс енгізу билікке деген ел сенімін күшейтеді деген пікірде. Аймақта алдағы референдумға дайындық ерекше. 5-ші маусым күні 373 учаске жұмысын бастайды. 462 мыңнан аса адам өз таңдауын жасамақ.  Мұндай саяси бастама еліміздің бағыт-бағдарын айқындап береді дейді аймақ тұрғындары.

БЛИЦ:

-  Елімізде болып жатқан саяси қоғамдық өзгерістер жастар үшін өте маңызды деп ойлаймын. Өйткені еліміздің Қазақстанның ертеңгі болашағы бізден үшін өте маңызды. Сондықтан да мен референдумға қатысамын.

-  Осы уақытқа дейінгі Ата азаңымызға қабылдан өзгерістер 4 рет өзгерістер енгізілген. Соның 4-еуі де Праламент жүзінде мақұлданған болатын. Ал қазіргі өзгеріс Жаңа Қазақстан құрудағы негізгі өзгерістер бүкілхалықтық референдум құру нәтижесінде өткізіледі. Біздің еліміз үшін, халықтың игілігі үшін тиімді деп есептеймін.

- Президенттің бұл бастамасы елдегі күрделі мәселелерді шешудегі соңғы сөзді халықтың өзіне қалдыруы Қазақстандағы үлкен өзгерістердің бастамасы болады деп ойлаймын. Себебі бұл демократиялық, әділ қадам. Яғни, халық өз таңғырын өзі шешеді деген сөз.


М. Тоқтасынқызы