Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жарты миллионнан аса долларды шетелге шығармақ болғандар ұсталды

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2022
  • 1803

Алматыда жарты миллионнан аса долларды шетелге алып өтпек болғандар ұсталды.  Халықаралық әуежайда ұсталған күдіктілер  550 мың АҚШ доллары мен 27 мыңға жуық еуроны заңсыз иемденіп, шекара асырмақ болған. Осы факті бойынша  2 қылмыстық және 20 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі тіркелді.  Қаржылық мониторинг агенттігі  шетелге шығу үшін шетелдік валютадағы қолма-қол ақша 10 мың АҚШ долларынан аспауы керек екенін ескертеді.

Әлібек ӘБДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ сот шешімімен көрсетілген ақша мен тауарлар мемлекет пайдасына тәркіленуі мүмкін.


Ә. Лесбек