Русский Сайттың толық нұсқасы

«Мемлекеттік рәміздерді қорлау – әдейі ұйымдастырылған арандатушылық», - А.Рысбекұлы

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2022
  • 2752

Мемлекеттік рәміздерді қорлағандар қатаң жазалансын! Ирина Кайратовна мен Shiza-ның концертіндегі туды келемеждеу оқиғасынан кейін  сенаторлар Премьер-министрге осындай сауал жолдады. Депутат Нұртөре Жүсіп мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу жөніндегі талаптарға,  құндылықтарды құрметтеу және сақтау туралы нақты баптар енгізуді ұсынды. Ол көк туды қорлағандардың ел алдында кешірім сұрап құтылып кеткені жеткіліксіз деп санайды. Сондықтан айыппұл мөлшерін екі есе арттыру керек дейді.

Нұртөре ЖҮСІП, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Туымызды қорлау, келемеж ету, мазақ қылу деген үлкен айып деп есептеймін өз басым. Туды қорлау – тәуелсіздікті қорлаумен бірдей деп қабылдаймын. Алдағы уақытта мұндай өрескелдікке, келеңсіз оқиғаларға жол берген, әсіресе елдің алдында былапыт сөздер айтқан, балағат сөздер айтқан әншілерді 5 жыл мерзімге сахнадан аластатуды сұрап отырмыз. Және тиісті заңдарды қатайтуды.

Ал геральдист-сарапшы Айдын Рысбекұлы "мемлекеттік рәміздерді қорлау – әдейі ұйымдастырылған арандатушылық",- дейді. Оның пікірінше, Тәуелсіздігіміздің белгісін сөзбен емес, іс жүзінде қызғыштай қорғау керек.    

Айдын РЫСБЕКҰЛЫ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ ГЕРАЛЬДИСТ-САРАПШЫСЫ:


Біздің жастардың, бәріне бірдей топырақ шашпайық, бірақ басым көпшілігінің санасының төмен екендігін көрсетіп отыр. Ұлттық  идеологияның кемшін соғып жатқан тұсы - осы. Бұл тәуелсіздіктің 31, мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы қарсаңында қолдан ұйымдастырылған арандату болуы да мүмкін. Штрафный санкциялармен ғана шектеледі. Ал бұған жаза керек.   


А. Съезбек