Русский Сайттың толық нұсқасы

"Білім саласында біз еліктемеген ел қалған жоқ шығар",-М.Бақтиярұлы

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2022
  • 1329

Соңғы 5 жылда білім туралы заңға 29 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Сенатор Мұрат Бақтиярұлы бұған наразы. Бүгін Үкіметке депутаттық сауал жолдады. "Білім саласында біз еліктемеген ел қалған жоқ шығар. Бірақ олар қоғамға қажет пе, мүддемізге сай ма, оған бас ауыртпадық" дейді депутат.  Жыл сайын болатын өзгерістер  мемлекет бюджетіне де кері әсерін тигізіп жатқанын айтады.  

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Тек соңғы 5 жылда білім туралы заңға 29 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, мемлекеттік білім беру стандарты 2000-2017 жылдары 7 рет өзгерді. Әр өзгеріс сайын оқулықтың мазмұны жаңарып, қыруар қаржы бөлініп, жаңа оқулықтар басылып жатады.


Ә. Дүкембаева