Білім және Ғылым Министрлігі балабақшаларға қойылатын талаптарды күшейтіп жатыр. Бұл туралы министр Асхат Аймағамбетов жазды. Оның сөзінше он жылдан астам уақыт бұрын балабақшалар санының жылдам өсуін ынталандыру үшін лицензиялаудан, кейін мемлекеттік бақылаудан, мониторингтен және олардың қызметін реттеуден бас тарту туралы шешім қабылданған. Нәтижесінде жекеменшік балабақшалар саны күрт артып, балаларды балабақшамен қамту деңгейі өскен. Алайда бақшалардың жартысы техникалық және санитарлық талаптарға сай келмейтін ғимараттарда, білікті мамандарсыз және қауіпті жағдайларда ашылған. Мұндай деректер жеткілікті деді министр. Сондықтан талаптарды күшейту мәселесі көтерілуде.
Майра МЕЛДЕБЕКОВА, ҚР БҒМ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Біріншіден нақты айтатын болсақ. Бұл енді 2011 жылға дейін болған лицензиялауды қайта қайтару мәселелері. Сонымен қатар БҒМ тарапынан балабақшаларға тапсырыс орналастыру бойынша да талаптар бар. Сол бұйрықта күшейтіледі. Сонымен қатар педогогикалық әлеуеттеріне осылардың барлығы қайтадан қаралып, талаптар қарастырылады.
Әзірге талаптардың нақты қашан күшейтілетіні белгісіз. Жауаптылар алдымен жан-жақты талдап, білім туралы заңға түзетулер енгізу керек деп отыр.
Ә. Бердібеков