Русский Сайттың толық нұсқасы

Референдум өзгеріс жасауға мүмкіндік береді,- С.Нұрбек

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2022
  • 1509

Әділетті Қазақстан дегеніміз заңның үстемдігі мен барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру. Бұл туралы сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «AMANAT» партиясының базасында іске қосылған «TALQYLAU» диалог алаңының кезекті отырысында айтты. Жиын барысында ашық пікірталас өтіп, сарапшылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Мәжіліс депутаттары алдағы жалпы ұлттық референдумның маңызын талқылады.

Жалпы халықтық референдумды талқылауға қатысқан Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Конституцияға енгізу үшін ұсынылып отырған түзетулер "Жаңа Қазақстанның негізгі құндылықтары яғни ашықтық пен демократияға табан тірейтінін" жеткізді.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Осы рефрендумға шығарылып жатқан конституциялық өзгерістер, реформалар бұның барлығы жаңа Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған қадамдар екенін бәріміз білеміз. Ал жаңа Қазақстан дегеніміз президентіміз айтқандай, ең алдымен әділетті Қазақстан. Әділетті Қазақстан дегеніміз біріншіден заңның үстемдігі, екіншіден баршаға, барлық азаматтарға тең мүмкіндікті беру.

Өз кезегінде «AMANAT»партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов ұсынылған түзетулерге дауыс бере отырып, қазақстандықтар «Екінші Республика» үшін құқықтық негіз қамтамасыз ететінін атап өтті.

Асхат ОРАЛОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Конституциялық реформа және бүкілхалықтық референдум өткізу Қазақстанның әділдік орнаған ел болуға бет бұрғанына азаматтардың сенімін оятты. Біздің партиямыз – Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі. Сондықтан аманаттықтар бүкіл ел аумағында конституциялық түзетулерді түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысты.


Сенаттор Ләззат Қалтаеваның пікірінше, референдумның басты мақсаты – ел болашағына қатысты мәселелерді шешуге әрбір азаматтың атсалысуына мүмкіндік беру.

Ләззат ҚАЛТАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Мен – кез келген өзгерістер мен реформалардың сыншысы болатын азаматтық сектордың өкілімін. Бірақ қазір азаматтық қоғам адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын күшейту, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, Конституциялық сот құру бөлігіндегі түзетулерді толық қолдайды.

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Зәуреш Баймолдинаның айтуынша, ұсынылып отырған түзетулер саяси жүйені терең өзгертуге, қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік және мәдени қатынастарды жаңартуға бағытталған.

Зәуреш БАЙМОЛДИНА, ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ ЖАНЫНДАҒЫ СОТ ТӨРЕЛІГІ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ РЕКТОРЫ:

Іс жүзінде бұл түзетулер кешені Қазақстанда қоғамның жаңа моделін құруға мүмкіндік береді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін қуатты тетіктер жасалады. Бұл еліміздің бүкіл халқының қалауы деп ойлаймын.

Сондай-ақ, жиында сөз алған "AMANAT" партиясы саяси кеңесі мүшесі Мақсат Толықбай әлеуметтік әділетті мемлекет ұрандарға негізделе алмайтынын, оны заң жүзінде бекіту керек екенін атап өтті.

Мақсат ТОЛЫҚБАЙ, ЖУРНАЛИСТ:

Ата заңға өзгеріс енгіземіз ғой бұл соның негізі. Заң жобалары осының аясында жасалады. Ол тағы да жұмыс тобы құрылады. Оны халықтың қоғамдық талқылауға шығарамыз.Сол жерде тағы да сендер үндеріңді қосу керек деп, мына жауапкершілікті сезіну керек.Әділетті қоғам орнатуымыз керек дейміз, ол құр ұранмен орнатылмайды ғой. Ең алдымен заң жүсінде, құжат жүзінде сөйлеу керек. Әркім ертең қатысуға міндетті және барады деген ойдамын.

Мәжіліс депутаты, "AMANAT" фракциясының мүшесі Саясат Нұрбек өзгеріс жасау үшін, алдымен әрбір азамат жауапкершілікті сезінуі тиіс деді.

Саясат НҰРБЕК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Конституциядағы өзгерістің ең үлкен өзгерісі ол әр Қазақстанның азаматына сайлауға және сайлануға, билікке өзіміздің ішімізден шыққан адал көзі ашық, сіз сенетін азаматтарды әкелу мүмкіндігі ашылады. Өзгеріс керек болса онда сол өкілдеріміз арықылы өзгеріс жасауға мүмкіндік береді бұл конституция.


Еске сала кетейік, «TALQYLAU» диалог алаңын құру бастамасы «AMANAT» партиясының 1 наурызда өткен кезектен тыс Съезінде партиялық трансформация бағдарламасы тармақтарының бірі ретінде көтерілген болатын. Алаңда сарапшылар, депутаттар, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйым өкілдері азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін тұрақты түрде кездесіп отырады.

Б. Сатуов