Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысының шалғай ауылында тұратын суретші қыздың қабілеті көпшілікті тәнті етті

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2022
  • 2010

Атырау облысының шалғай ауылында тұратын суретші қыздың қабілеті көпшілікті тәнті етті. Құрманғазы ауданындағы Жамбыл ауылының 10 сынып оқушысы Аружан Шахидоллаева бейнелеу өнерінен қосымша сабақ алмаған. Бірақ қылқаламынан туған туындылары кәсіби суретшілердің өзін таң қалдырады. Өңірдегі таланттарды анықтау және қолдау орталығы дарынды қызды облыс орталығына оқуға шақырып отыр. Тіпті болашақта жоғары оқу орнына түсуге де көмектеспек.

Бұл – Аружанның бөлмесі әрі шеберханасы. Сабақтан тыс уақытының бәрін ол сурет салуға арнайды. Жас суретшінің қылқаламынан шыққан туындылардың әрқайсысы өзінше ерек.   

Аружан ШАХИДОЛЛАЕВА, 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

Болашақта суретші болғым келеді. Куинджиге еліктеймін ол орыс суретшісі. Қою көк түсті пайдаланды. Көбіне суреттері түн, закат, ай суреттері  салған.


Әуесқой суретшінің туындаларынан көңіл сыры, сезім толқыны сезіледі.  Әсіресе табиғатпен үндескен жан-дүниесін аңғару қиын емес. Бір ерекшелігі, Аружан оқыған кітабының желісі бойынша сурет салады. Оның өнерге икемін  3 жасында анасы байқаған. Кейін  мектептегі сурет пәнінің мұғалімі талантты қыздың қабілетін шыңдай түсіпті.  алантты Мектеп басшылығы  демеушілердің көмегімен  суретке қажетті барлық құрал-жабдықтар алып беріпті. Сондай-ақ, «Әлем балалар көзімен» атты сурет көрмесін өткізген. Ал келер жылдан бастап ол дарынды балаларға арналған Кіші өнер академиясында оқиды.

Руслан САРБАЛИН, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТАЛАНТТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Атырау өңіріндегі 7 аудан  және қалда мекептерін аралап жүрміз. Соның ішінде тек қана білім бәйгелерінде емес  ерекше қабілеті бар балаларды көріп келген болатынбыз.  Оның ішінде робототехниканы құрастыру, ат әбзелдерін құрастыратын, және ат құлағында ойнайтын балаларымызды немесе мектепке  дейінгі кейбір бүлдіршіндеріміздің  ерте жастан  жастан тілдерді меңгеретін балаларды біздер  табуға  жұмыстанып жатырмыз.


Таланттарды тапқан соң оларды  алдымен облысқа танытамыз дейді  мамандар.  Ерекше қабілетті,  дарынды балалардың болашағынан үлкен үміт күтеді.   

Б. Надірқызы