Русский Сайттың толық нұсқасы

"Референдумның басты кейіпкері - ол адам",- Е.Қошанов

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2022
  • 1491

"Референдумға барамын." Осындай айдармен бүгін "Хабар" агентігі тікелей эфирде телемарафон өткізді. Онда Ата Заңға енгізілетін өзгерістер жан-жақты талқыланып, танымал тұлғалармен сұхбат ұйымдастырылды. Ерекшелігі сол – арнайы шара - көшпелі студияда форматында өтті. Ерекше форматтағы шараның ерекшеліктерін тілшіміз баяндайды.  

Әсел ДҮКЕМБАЕВА, ТІЛШІ:

Елордада референдумға дайындық қызу жүріп жатыр. Хабар» арнасында тікелей эфирде өтіп жатқан «Референдумға барамын» телемарафоны дәл қазір 8 сағаттық тікелей эфирде. Мұнда сенат төрағасынан бастап, қарапайым халыққа дейін референдумға байланысты өз пікірлерін білдіре алады.

Телеарна тілшілері тікелей эфирде мемлекеттік қызметкерлермен, қоғам қайраткерлерімен сұхбат құрып, ақпарат таратуда. Парламентің төменгі палата төрағасы Ерлан Қошанов, студияға келген алғашқы спикер болды. Ол  референдумның мән-маңызына тоқталды.  Төрағаның айтуынша, бұл жердегі басты кейіпкер - ол адам. Оның құқығы.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Тағы бір кезеңге өтіп жатырмыз ғой, осы бір тарихи сәт, тарихи оқиға деп айтқым келеді. Бұл реформалар жоғарғы жақтан келген нұсқау емес, бір тапсырма емес, бұл халықтың, қоғамның сұранысынан туындап отырған, соған негізделген реформалар. Басты құндылық енді адам ғой, сондықтан референдумның басты кейіпкері де адам, адамның құқығы, конституциялық құқықтың қорғалуы, осы мәселелердің қамтылуы, бұл реформаларға оң көзбен жақсы көзбен қарап бүгінгі күні қолдап отырғанын айтқым келеді.


Мұнан соң Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин тікелей эфирде қонақта болды. Ол өзгерістердің ерекшегіне басымдық берді. Мемлекеттік хатшының өзгерістердің ішінде қоғам алдында уәдесін беріп, орындамаған депутаттың мандаты кері қайтарылатыны көңілінен шыққан.  

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:


Біздің азаматтарымыз белгілі тұлғаны  өзінің үміткерін белгілеп, оған дауыс беріп сайлайтын болса ертең парламентке, мәслихатқа. Бірақ белгілі бір уақыт өткеннен кейін оның жұмысына көңілі толмаса, оны өкілеттілігін аяқталмағанын күтпей-ақ мерзімінен бұрын мандатын қайтарып алуға және бұл реформалар парламент, мәслихат сайлаушыларының алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған.


"Референдумға барамын" телемарафонына қатысушылар арасында қарапайым халық та белсенді.

БЛИЦ:

-  Заманның өзгеруіне байланысты, Конституцияға да кейбір өзгерістер керек деп ойлаймын.  Өз басым референдумға барамын, еліміздің азаматы ретінде өзімнің міндетім деп білемін.

- Біз 100 процент отбасымызбен құптаймыз. Жаңа Қазақстан деп елімізді көтеріп жатыр. Тоқаевты қоштап, бір ауыздан бір жеңнен қол шығарсақ, бар жақсылықты еліме тілеймін.


Телемарафон ұйымдастырушыларының айтуынша, студияның ашық аспан астында "мөлдір шыныдан" жасалуы да тегін емес. Шара барысындағы пікіралмасулардың ашық, әрі қолжетімді екенін көрсетуді мақсат еткен.  Тағы бір ерекшелігі тікелей эфирге өзге аймақтарда, тіпті шетелдердегі отандастарымызда онлайн қосылды. Берік Уәлиде биыл ең алғаш референдумға қатысатынын мақтанышпен жеткізді.

Берік УӘЛИ, «ХАБАР» АГЕНТТІГІ АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Біз бұрын сайлауларға қатыстық. Ал бұл менің өмірімде шын мәнісінде, есімде жоқ 1995 жылы. Ал бұл референдумға міндетті түрде қатысамын. Өйткені бұл жалпы еліміздің негізгі жүретін ең басты ата-заңымызға қатысты референдум болғаннан кейін барлық азаматтар референдум нан тыс қалуға болмайды деп ойлаймын. Еліміз үшін болашағымыз үшін, ұрпақтарымыз үшін келіп дауын жасау керек деп ойлаймын.

Телемарафон кешкі сағат 8-ге дейін жалғасты. Оған түрлі сала мамандары, саясаткерлер, халық арасында танымал блогерлер мен қоғамдық пікір көшбасшылары келді. Айта кетейік, тікелей форматтағы шараға шамамен 200-ге жуық маман ас салысып жүр.

Ә. Дүкембаева